X

Концерт "Асу"

Дата: 02.04.2022 Время: 17:00 Зал: Большой зал

Жанр: фольклорлық музыка

Жас шектеуі: +7

 

Құрметті өнер сүйер қауым, сіздерді белгілі күйші, Қазақконцерт солисі Жанғали Жүзбайдың «Асу» атты жеке концертіне шақырамыз!

Жанғали Жүзбай – ұлттық өнерді әлемдік деңгейде насихаттап жүрген күйші-композитор, шертпе күй шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Күмбірлеген күй мен әсем ән төгілген әдемі кеште халық туындылары мен Сүгір, Тәттімбет, Т.Момбеков, Н.Тілендиев, Ж.Жүзбайдың шығармалары орындалады.

Сахнада «Халық қазынасы» мемлекеттік өнер бөлімінің әртістері Ерлан Рысқали, Клара Төленбаева, Айгүл Елшібаева, Ерболат Шалдыбеков өнер көрсетеді. Кеш қонақтары: Батырлан Әбенов, Ербол Мұхамадиев, Ардаби Мәулетұлы, Ақжусан Иманғазықызы, Қайрат Айтбаев.

«Асу» мерекелік концерті жаңа форматта өтеді. Оның басты ерекшелігі– көрермендер концертті әртістермен бірге сахнада отырып тамашалап, концерттің тікелей қатысушысы бола алады. Жан дүниені жадыратып, рухани ләззат сыйлайтын керемет кештен қапы қалмаңыздар!



Құрметті көрермендер!

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Ashyq» жобасының қатысушысы болып табылады.

Поделиться в соц. сетях: